Діни экстремизм: деструктивті ағымдарға тәуелділіктің алдын алу және ол туралы ескерту


Қостанай облысында жастардың оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар, өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жоба жүзеге асуда. Жобаны Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қостанай облысы психологтар қауымдастығы іске асыруда.

Жобаның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу, сонымен қатар, қоғам институттарының дәстүрлі құндылықтарын, толеранттылық пен жастар арасындағы конфессияаралық келісімді нығайту.

5 мамыр күні ҚР ІІМ ҚАЖК «УК 161/11 мекемесі» РММ-де жалған ислам ұйымдарының негативті болмысы және діни экстремизм қаупі туралы әңгіме қозғалған жиын өткізілді.


Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы — Калюжная Юлия Амантаевна кіріспе сөз сөйледі. Хабардарлық деңгейін білу және олардың дәстүрлі емес діндерге деген қарым-қатынасын анықтау, сондай-ақ, діни тұрғыда ықтимал шиеленіс ошақтарын болжау мақсатында Юлия Амантаевна жаза кесілгендермен фокус-топ өткізді.

Әрі қарай жаза кесілгендер алдында теолог, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бойынша бөлім маманы – Садиров Сироч Хуснидинович сөз сөйледі. Ол Қостанай облысындағы діни жағдай туралы хабардар етті, сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары туралы баяндады.

Келесі сөз кезегі Рудный қалалық «Нұр» мешітінің наиб-имамы Қосжанов Саят Айтжанұлына берілді. Саят Айтжанұлы дәстүрлі ислам құндылықтары, сондай-ақ, жалған ислам діни ағымдарының қандай қауіп төндіре алатындығы туралы әңгімеледі.


Аталмыш проблеманы біршама объективті түрде қабылдау және түсіну мақсатында жаза кесілгендерге «МИР» МТРК-ның «Терроризм с казахстанским лицом» және «Оккупация сознания» атты 2 бейнесюжеті көрсетілді. Көрсетілім аяқталған соң, бұл мәселе жіті талқыланды.

Добавить комментарий

Задать вопрос
Форма заявки

Ответ на Ваш вопрос будет опубликован в разделе "специалисты отвечают" и выслан на Ваш email.
Администрация сайта гарантирует, что введенные данные(email) будут использованы только в целях уведомления Вас об ответе специалистов и ни при каких обстоятельствах не будут преданы огласке или переданы третьим лицам.
Оставьте свой контактный номер и наши специалисты свяжутся с вами в ближайшее время.

  1. Ваше имя (обязательно)
  2. Email Адрес (обязательно)
  3. Ваш телефон
  4. Ваше сообщение

×