Қостанайда Жас отбасы мектебі жұмысын бастады

Жас отбасы мектебі — бұл отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастардың бойында жауапты ерлі-зайыпты мен ата-ананы қалыптастыруға бағытталған жобаның құрамдас бөліктерінің бірі. Маусым айынан бастап қазан айына дейін Жас отбасы мектебінде жас жұбайларға арналған 6 әлеуметтік-психологиялық тренинг өтеді.

9 маусымда «Ерлер мен әйелдер психологиясы» тақырыбында екі кездесу өтті. Жас ерлі-зайыптылар мен отбасын құруға ниет еткісі келетін ер жігіттер мен болашақ келіндерге кеңес беріп, қызмет көрсететін психолог Галина Каменюкпен бірге ерлі-зайыптылардың психологиялық үйлесімдігі және «мінезіміз үйлеспейді», ерлердің қабылдауы, ер кісілердің эмоциялары мен мінез-құлқының әйелдерден айырмашылығы тақырыбы талқыланды. «Махаббат тілдері» тақырыбын талқылау қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, яғни ерлер мен әйелдердің махаббатын қалай білдіретінін, күнделікті күйбең тіршілікте қалай байқай алатындығын және өзара түсіністікпен жауап беретіндігін көрсетті.

Аталған күні әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығында ерлер мен әйелдердің отбасындағы рөлі қандай, отбасылық әл-ауқатты көтеру үшін жауапкершілік кімге жүктеледі, егер жас отбасы мүшелерінің мінез-құлқы үйлеспеген жағдайда бір-бірін түсіну тақырыбында әңгіме жалғасты.

Заңгер және кәсіби медиатор Марат Бикенов өзінің отбасылық жанжалдарды реттеу тәжірибесінен мысалдар келтірді, бүгінгі таңда құқықтық мәселелерде сауатты болу өте маңызды екенін атап өтті.

Егер сіздің отбасыңыз жас (яғни, жұбайлардың біреуінің жасы 29 жастан аспаса), сіз сондай-ақ «Жас отбасы» Мектебіне барғыңыз келсе немесе тегін психологиялық және заңгерлік көмек алуға жазылу +77070411381 телефоны арқылы жүзеге асырылады.

Бұл іс-шараларды Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтар қауымдастығы ұйымдастырды

Добавить комментарий

Задать вопрос
Форма заявки

Ответ на Ваш вопрос будет опубликован в разделе "специалисты отвечают" и выслан на Ваш email.
Администрация сайта гарантирует, что введенные данные(email) будут использованы только в целях уведомления Вас об ответе специалистов и ни при каких обстоятельствах не будут преданы огласке или переданы третьим лицам.
Оставьте свой контактный номер и наши специалисты свяжутся с вами в ближайшее время.

  1. Ваше имя (обязательно)
  2. Email Адрес (обязательно)
  3. Ваш телефон
  4. Ваше сообщение

×